Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласындағы «Ана мен бала денсаулығын қорғау клиникалық диагностикалық орталығының» генетикалық зертханасында 23-25 қаңтар аралығында еліміздің Астана, Ақтау, Шымкент, Қостанай қалаларының генетикалық зертхана мамандары тәжірибе алмасып қайтты. Тәжірибе алмасу барысында пренаталдық, неонаталдық скрининг жұмыстарымен танысты. Заманауи құрал жабдықтармен жасалатын генетикалық зерттеулер кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Орталық басшылары өте жылы ілтипатпен қарсы алып, генетикалық жұмыстар ағымы туралы толық ақпарат берді. Бізге халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуымызға мүмкіншілік беріп, қолдау көрсеткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және штаттан тыс бас генетик Г.Ж.Абильдиноваға, демеушілік танытқан Pribory Oy компаниясына алғысымыз шексіз.