Пренаталдық медицина мамандарының Екінші Халықаралық конгресі

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК және «Пренаталды медицина мамандарының» ҚБ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен офлайн форматта 2025 жылғы 30-31 мамырда Астана қаласында «САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» («Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы») тақырыбында пренаталды медицина мамандарының Бірінші Халықаралық Конгресін өткізу туралы хабарлайды. Конгресс өтетін орын: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 55/19 С3 блогы, 4.
Конгрестің мақсаты: ғылыми жетістіктерді, клиникалық тәжірибені және медициналық қоғамдастықтың білімін біріктіру, сәбилер өлімін және балалар мүгедектігін азайту мақсатында туа біткен ақауларды пренаталды диагностикалау, хромосомалық патология саласындағы жаңа жетістіктермен бөлісу.
Конгрестің ғылыми бағдарламасы шеңберінде келесі негізгі тақырыптық бағыттарды талқылау жоспарлануда:
- микроделециялық синдромдардың ультрадыбыстық маркерлері
және ТБА); - генетикалық аурулардың пренаталды скринингінің заманауи аспектілері;
- инвазиялы диагностиканың цитогенетикалық негіздері;
- сирек генетикалық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи
аспектілері; - аутосомды-рецессивті аурулардың төмендеуіндегі жаңа парадигмалар;
- генетикалық кеңес беру, периконцепциялық терапия;
- туа біткен ақаулардың алдын алу жүйесіндегі феталды хирургия: проблеманы
шешудің заманауи стратегиялары мен тәсілдері; - туа біткен ақаулар мен хромосомалық ауытқулар мониторингі;
- инвазиялы емес пренаталды тест – оны қолданудың мәні мен перспективасы.
2025 жылғы 29 мамырда келесі тақырыптар бойынша шеберлік сабағының преконгресін өткізу жоспарланған:
- Генетик дәрігерлер мен пренаталды биохимиялық скрининг мамандарына
арналған «Биохимиялық маркерлердің зертханалық перспективалары» (мекенжайы
нақтыланады) - Астана қаласы Мәңгілік Ел 80 мекенжайы бойынша цитогенетиктер
мамандары үшін амниотикалық сұйықтық жасушаларын өсіру (рұқсаты бар
санитариялық кітапшаны өзімен бірге әкелу). - Пренатальды ультрадыбыстық зерттеу, Астана қаласы Сығанақ көшесі 46, Республикалық диагностикалық орталық 4 қабат, Конференц-зал
Конгресс шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы соңғы әзірлемелер мен жетістіктердің медициналық көрмесін өткізу жоспарлануда
Тіркелу: https://oospm.kz, қатысу құны – 20 000 теңге.
Тіркеудің аяқталу күні: 2025 жылғы 1 мамыр.
Шеберлік сабағына қатысу сұрақтары бойынша Л. М. Айнабековаға хабарласу
қажет, телефоны 8 777 305 56 85.